Accessibility links

АҚШ пен Ұлы Британияның Дрезден қаласын бомбалағанына 60 жыл толды


Кеше Германияның Дрезден қаласын бомбалауға 60 жыл толды. 2 дүниежүзілік соғыстың ақырында - гитлерлік Германияның жеңілісі тақап қалған кезде АҚШ пен британ авиациясы Дрезденді жермен-жексен етіп бомбалап, 35 мың жазықсыз халық құрбан болды. Кеше Дрезденде сол құрбандарды аза тұту рәсімі болып өтті. Осы рәсімде сөйлеген сөзінде Германия канцлері Герхард Шредер неонацизмнің қайта туатын қатері барлығын атап көрсетті. Айтқандай-ақ, осы күні Дрезденде 5 мыңға жуық адам қатысқан неонацистердің шеруі болып өтті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG