Accessibility links

Ирақтағы шийт мұсылмандарының “Біріккен Ирақ альянсы” тобына үкіметті жасақтау үшін өзге саяси топтармен коалиция құруы керек


Алдағы 3 күнде Ирақтағы саяси партиялар 30 қаңтарда болып өткен сайлауға деген шағымдарын тіркете алады. Одан кейін жексенбіде шығарылған сайлау қорытындысы мақұлданып, Ирақтың Ұлттық жиналысындағы депутаттық орындарды партиялар сайлауда дауыс үлестеріне сәйкес бөліседі. Ұлттық жиналыс президент пен оның өкілін сайлайды, олар өз кезегінде Ұлттық жиналыстың мақұлдауымен тағайындалатын премьер-министр мен үкіметті ұсынады. Сайлауда 48 пайыз дауыс алған Аятолла Әли Ас-Систани бастаған шийттердің “Біріккен Ирақ альянсы” премьер-министрлікке өз үміткерін, 25 пайыздай дауыс жинаған күрд партиялары вице-президентке үміткерін ұсынбақшы. Ұлттық жиналыстағы едәуір мандатқа 14 пайыздай дауыс алған премьер-министр Айад Аллауидің блогі ие болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG