Accessibility links

Ирақта Ұлттық сайлаулар нәтижесінде шийт мұсылмандар блогы жеңіп шыққаннан кейін, жаңа Ирақ үкіметі құрылуына арналған келіссөздер бүгін басталды


Ирақтың сайлау комиссиясының өкілі Фарид Айар кеше бұл сайлауларды шынайы араб демократиясының мысалы деп атады. “Бүгін Ирақ халқы демократия жолындағы жаңа қадамын жасады. Ирақ халқының бұл қадамы арабтардың нағыз, шынайы демократиялық тәжірибесінің практикадағы бірінші мысалы болмақ,” деді Фарид Айар. 30 қаңтарда болып өткен сайлаулар нәтижесімен келіспейтін саяси партиялар, үш күн ішінде өз наразылықтарын айтса болады. Онан соң, жаңа ұлттық ассамблеяның 275 мүшесі ресми түрде тіркеліп, депутаттық орындар үлестіріледі. Ұлттық ассамблея президентті және оның екі орынбасарын сайлайды, олар өз кезегінде Ұлттық ассамблеяның мақұлдауымен тағайындалатын премьер-министр мен үкіметті ұсынады. Сайлауда 48 пайыз дауыс алған Аятолла Әли Ал-Систани бастаған шийттердің “Біріккен Ирақ альянсы” премьер-министрлікке өз үміткерін, ал 25 пайыздай дауыс жинаған күрд партиялары президентікке немесе премьер министрлікке үміткерін ұсынбақшы. Ұлттық жиналыстағы едәуір мандатқа 14 пайыздай дауыс алған премьер-министр Айад Аллауидің блогі ие болады. АҚШ және оның одақтастары Ирақ халқын сайлаулармен құттықтады.
XS
SM
MD
LG