Accessibility links

Қытайдың көмір кеніштері - әлемдегі ең қауіпті шахталар: тағы 203 кенші қаза болды


Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстік-шығысындағы шахтаның жарылысынан кем дегенде 203 кенші қаза тапты. Қытайдың Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, 22 кенші жарақат алып, тағы 13 кеншінің тағдырынан хабар-ошар жоқ. Олар жарылған шахтаның астында қалған сияқты. Қытайдың көмір кеніштері әлемдегі ең қауіпті шахталар. Өткен жылы Қытай шахталарындағы төтенше оқиғалардан 6 мыңнан астам кенші көз жұмды.
XS
SM
MD
LG