Accessibility links

Б.Тадич (Сербия) БҰҰ-ының Косово өлкесіндегі рөлін ащы сынға алды


Албандар басым тұратын Косово өлкесіндегі сербтердің азын-аулақ ауылын аралап жүрген Сербия президенті Б.Тадичтің автокеруенін өз ауылдарынан өтіп бара жатқан сәттерінде жергілікті албандар қармен, таспен және жұмыртқамен атқылады. НАТО күштері әуеден соққы беріп, ұлттық тәуелсіздікті талап еткен албандықтарды Сербияның күшпен басып-жаншуын тоқтатқаннан бері Косово өлкесіндегі ұлтаралық теке-тірес әлі басылған жоқ. Өткен наурыз айында БҰҰ-ның бітімгерлік күштері сербтердің ауылдарына бас салған албандықтарды тоқтата алмады. Косовоға сапарының 2 күнінде Сербия президенті Б.Тадич Косоводағы сербтердің қауіпсіздігіне қамқор бола алмаған БҰҰ-ын ащы сынға алды.
XS
SM
MD
LG