Accessibility links

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Ливанның бұрынғы премьеріне жасалған қастандықты талдайды


Бұрынғы премьер Рафик Әл-Харириді қастандықпен өлтіруден кейін Ливан армиясы елдегі тыныштықтықты қорғау үшін төтенше жағдайға келтірілді. Дүйсенбі күні Бейрутта Әл-Хариримен бірге кем дегенде 9 кісі автокеруенді соғып жарылған автобомбаның шабуылынан қаза тапты. Осы күні беймәлім ислам тобы бұрынғы премьерді Сауд Арабиясымен байланысы үшін өлтіргенін мәлімдеді. Ливан оппозициясы бұл қастандық үшін Сирияны айыптап, Ливаннан армиясын дереу шығаруын талап етті. Сирия қастандыққа қатысы жоқтығын мәлімдеп, әлемнің өзге елдерімен бірге қастандыққа наразылық білдірді. БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан бұл өлім азамат соғысының қайта басталуына түрткі болмайды деп үміттенеді. Бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Ливандағы қастандықты талдамақшы.
XS
SM
MD
LG