Accessibility links

Мэлс Елеусізов: «Қазақстан Киото хаттамасына қосылуға асығар емес»

  • Ескендір ЕРТАЙ

Ақпанның 16-сы күні әлемнің 141 елінде Киото хаттамасы күшіне енді. Ауаға шығарылатын зиянды газдарды шектеу арқылы ғаламдық жылынудың алдын алуға бағытталған бұл хаттамаға Қазақстан әзір қосылмай отыр.

Киото хаттамасы БҰҰ-ның аясында 1997 жылы 159 елдің қолдауымен Жапонияның Киото қаласында жасалған.

Бұл құжат бойынша Еуропа одағы елдері ауаға шығарылатын улы газдар мөлшерін 1990 жылмен салыстырғанда 8 пайызға, Жапония, Канада – 6 пайызға, Шығыс Еуропа және Балтық жағалауы елдері – 8 пайызға қысқартуы тиіс.

Қазақстан парламенті мәжілісінің өткен шақырылымында экология комитетінің төрағасы қызметін атқарған Мырзакелді Кемелдің айтуынша, соңғы жылдары ауа райының күрт жылуы адамзат пен табиғатқа қауіп төндіре бастағандықтан Киото хаттамасына қосылудың маңызы зор.

«Табиғат» қоғамдық ұйымының төрағасы Мэлс Елеусізов Қазақстан Киото хаттамасына қазір қосылмаса, ертең кеш қалатындығын айтады. Мырзакелді Кемел Қазақстан АҚШ мен Ресейдің Киото хаттамасына қосылмай отырғандығынан қауіптеніп отыр. Ал, шындығында бұл халықаралық шарт Қазақстанға пайда әкеледі деген пікір айтады ол.

– Қазақстан бұл хаттамаға 1999 жылы қол қойған. Биыл үкімет дайындап әкелсе, парламент мақұлдауы мүмкін, – дейді парламент мәжілісінің экология және табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Нығматуллин.

«Табиғат» қоғамдық ұйымының төрағасы Мэлс Елеусізовтың айтуынша, заң күшіне енген жағдайда Қазақстан үкіметі алпауыт компаниялар мен үлкен қалалардағы автокөлік иелерінің ауаға көмір қышқыл газ бөлуін шектей алады. Және ауаны ластаған кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластамайтын жаңа технологияға көшуін талап ететін болады.

Парниктік газды өте көп бөлетін АҚШ кәсіпорындары әлемдік үлестің 23,1 пайызын құрайды. Қоршаған ортаны улы газдармен ластау жөнінен дүниежүзінде Ресей АҚШ-нан кейінгі екінші орында тұр дейді мамандар.
XS
SM
MD
LG