Accessibility links

Хорватия президентінің инауграция салтанаты өтеді


Стип Месич Хорватия республикасының екінші мерзімге сайланған президенті ретінде ант қабылдайды. Месич өткен айда болған президенттік сайлауда екінші бесжылдық мерзімге мемлекет тізгіні үшін бас министрдің орынбасары Ядранка Косормен бәсекеде жеңіске оңай жеткен болатын. Месич осы онжылдықтың соңына дейін Хорватияның Европа одағына қабылдануын қалайды, бұл турасында Брюсселмен келіссөздер наурыз айнда басталуы тиіс. Хорватияның жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша бүгінгі инауграция салтанатына тоғыз елдің мемлекет басшылары қатыспақшы, олардың қатарында Литва, Македония, Словакия, Украина президенттері бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG