Accessibility links

Қырғыз президенті тәуелсіз газетті сотқа бермекші


Қырғыз президенті Асқар Ақаев кеше үкіметті тұрақты түрде сынап жазып келе жатқан тәуелсіз МСН газетінің үстінен шағым түсіретіндігін айтқан. Ол мемлекеттік теледидардан сөйлеген сөзінде басылым өзі мен отбасына жала жауып, қаралап келеді деп атап көрсеткен. Егер басқалар да бұл газеттің үстінен арызданамын десе еріктері деген. Ақаев өз әкімшілігі постсоветтік кезеңнен бері баспасөз бен сөз бостандығына кепілдік беріп келеді деп айтты. Ақаевтың қарсыластары мұндай сот процесі 27 ақпанда болатын парламент сайлауы мен қазан айында өтетін президент сайлауы алдында тәуелсіз басылымдарды тұншықтыру деп бағалаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG