Accessibility links

Қырғыз президенті Асқар Ақаев Қырғызстанда Украина немесе Грузиядағы сияқты төңкерістер болмайтындығы туралы қайта ескертті


Ақаев бұл мәлімдемесін бүгін Бишкекте өткен халықаралық ғылыми конференциясында айтты. Қырғызстанда ақпанның 27-і күні парламенттік сайлаулар өтеді. Ақаев оппозициялық топтарды шет ел жәрдемімен төңкеріс көтермекші деп тағы айыптады. Оппозициялық топтар, өз кезегінде, оны мойындамай, үкімет бізге қысым көрсетіп жатыр дейді. Бүгін Бишкекте оппозиция ұйымдастырған митингке 300-дей адам қатысқан. Митингдегі адамдар парламенттік сайлауларды әділ өтуін және баспасөз бостандығын талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG