Accessibility links

Израиль үкіметі газа аймағы мен Иордан өзенінің Батыс жағалауынан еврей қоныстарын көшіру жоспарын мақұлдады


Израиль үкіметі Газа аймағынан және Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы 4 еврей қонысын көшіру мен Израиль армиясын шығару жоспарын мақұлдады. Премьер-министр Ариэль Шарон ұсынған жоспарда Газа аймағындағы 1.3 млн. палестиндікпен көрші тұратын барлық еврей қонысынан және Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы 4 қоныстан бас-аяғы 8.5 мыңдай еврейді көшіріп алып кету қарастырылған. Жоспар алдағы шілде айынан жүзеге асырыла бастайды. Жоспарды министрлердің 17-сі қолдап, бесеуі қарсы дауыс берді. Израильдің қоныстандыру министрі Ицхак Херцог үкіметтің бұл отырысын “тарихи сәт” деп бағалады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG