Accessibility links

Ирақта соңғы екі тәулікте 90-нан аса адам құрбан болды


Ирақтың уақытша үкіметінің тапсырмасы бойынша, бүгін АҚШ-тың теңіз жаяу әскері мен Ирақ күштері көтерілістің тірегіне айналған Әл-Анбар өлкесінде “Өзен блицкригі” деп аталатын жаңа соғыс операциясына кірісті. Оның барысында АҚШ-тың 1 әскери теңізшісі оққа ұшты. Бұл өлкеде Әл-Фаллуджа, Рамади және Сириямен көрші орналасқан Қайым қалалары орналасқан. Бүгін Әл-Фаллуджа іргесіндегі жолда 3 Ирақ жауынгерінің денесі табылды. Сенбі күні түрлі шабуыл мен жарылыстан кем дегенде 55 адам, жалпы соңғы 2 тәуліктің ішінде Ирақта 90-нан аса адам көз жұмды. Осы күндері Ирақтағы шийт-мұсылмандары өздерінің ең маңызды діни мерекелерінің бірі - Ашура мейрамын атап өтіп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG