Accessibility links

Португалияда кезектен тыс парламент сайлауында оппозициялық социалистер жеңіске жететін түрі бар


Бүгін Португалияда парламент сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлау – премьер-министр Педро Сантана Лопес бастаған оңшыл-центристік коалициялық үкіметтің берекесіздігі салдарынан кезектен тыс өткізілмекші. Педро Сантана Лопестің үкімет басына келгеніне 1 жыл толған жоқ. Қоғамдық сауланама нәтижесіне қарағанда, парламент сайлауында бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Жозе Сократес бастаған оппозициялық социалистердің жеңіске жететін мүмкіндігі бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG