Accessibility links

В.Ющенко: “Украинаның Еуроодаққа қабылдану бойынша келіссөзді бастаудың нақты мерзімін белгілеуге қол жеткізу”


Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко Еуропа Одағына үш күндік сапарын бастады. Сапар бағдарламасына сәйкес ол Украина-НАТО комиссиясының жұмысына қатысып, АҚШ, Канада, Ұлы Британия, Бельгия және өзге Еурооодақ елдері басшыларымен кездеспекші. Сондай-ақ В.Ющенконың Еуроодақ жетекшілерімен келіссөздері жоспарланып отыр. Украина президентінің айтуынша, бұл сапардың ең басты мақсаты – Украинаның Еуроодаққа қабылдану мәселесі бойынша Киев пен Брюссель арасындағы келіссөздерді бастаудың нақты мерзімін белгілеуге қол жеткізу болып табылады.
XS
SM
MD
LG