Accessibility links

Израиль Палестинамен арадағы келісімін орындап, 500 палестиндікті босатты


Палестина автономиясымен арадағы келісімге сәйкес, Израиль 500 палестиндікті түрмеден босатты. Жексенбі күні Израиль үкіметі Газа аймағындағы еврей қоныстарын түгел, ал Иордан өзенінің Батыс жағалауынан 4 еврей қонысын көшіру және армияны шығару туралы премьер-министр А.Шаронның жоспарын бекітті... Бүгін Негев құмындағы Кетциот түрмесінде Израильдің әскери полициясының бастығы Микки Бэрель атап көрсеткендей, түрмеден босатылған 500 палестиндік Газа аймағы мен Батыс жағалаудағы тексеру-өткізу өткелдеріне жеткілізген. Қызыл крест ұйымының өкілдері оларды Кетциоттың өзінде күтіп алған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG