Accessibility links

Брюссель Қазақстанның “Экстремизм туралы” заңы адам құқықтары мен еркін шектеуі ықтимал деп ескертті


Қазақстан президенті Н.Назарбаев «Экстремизм туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен. Бұл заңға сәйкес, шетелдік немесе халықаралық ұйымдар - сот өкімімен немесе «прокурордың мәлімдемесімен» «экстремистік ұйым деп танылады». Осылайша «экстремистік» деп танылған ұйымдарды, сондай-ақ, экстремистік әрекеті үшін жауапқа тартылған тұлғаларды тізімге алу ісін құқықтық статистика және арнайы тіркеу жүргізу саласындағы мемлекеттік мекемелер жүргізеді. Қазақстанның адам құқын қорғаушы ұйымдары осы заңда “экстремизмге” анық сипаттама берілмеген деп наразылық білдірсе, Еуропа Одағы ол заң адамның негізгі құқықтары мен еркіндігін шектеуі ықтимал деп ескертті.
XS
SM
MD
LG