Accessibility links

Дж.Буш: “Одақтастардың (Вашингтон мен Брюссельдіің) арасын ешқандай пікірталас суыта алмайды”


АҚШ президенті Дж.Буш Брюссельде Америка мен Еуропаны өзара қарым-қатынасының жаңа сатысын бастауға шақырып сөз сөйледі. Дж.Буштың атап көрсетуінше, АҚШ Еуроодақтың қуатты болғанын қолдайды. Өйткені, әлемдегі демократия мен еркіндікті дамыту үшін Вашингтонға берік әріптес қажет. АҚШ пен Еуроодақ арасында кикілжің туғызған Ирақтағы қарсы соғыс пен басқа да жайттарға келгенде, Дж.Буш: “Одақтастардың арасын ешқандай пікірталас суыта алмайды”, -деп мәлімдеді. Өз кезегінде Еуроодақтың сыртқы саясатының жетекшісі Хавьер Солана Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жанжалды Еуроодақтың дипломатиялық жолмен реттеуге ұмтылуын АҚШ-тың түсіністікпен қабылдағанын көргісі келеді. Бүгін Францияның LCI ттелекомпаниясына берген сұхбатынджа Х.Солана осылай деп мәлімдеді. Оның пікірінше, Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын дамытуға бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG