Accessibility links

Ұлыбританияның бас министрі Тони Блэр: «Ирақ мәселесінде көзқарас қайшылығы жоқ»


АҚШ президенті Дж.Буш пен Ұлыбритания бас министрі Тони Блэр Брюссельде сейсенбі күні таңертеңгі дастархан басындағы кездесуден кейін, Ирақта өткен айда болған сайлаулардың қорытындысы көрсеткеніндей, соғыс тауқыметін тартқан бұл ел дұрыс бағытта деген ортақ ой айтқан. Президент Буштың айтуынша, ирақтықтар лаңкестерге қарсы күресе білді, еркін қоғамда өмір сүруді қалайтындықтарын байқатқан. Ал премьер Блэрдің пікірінше, соғыс мәселесіндегі көрқарас қайшылығы қазір жойылған.

- Өткен 2-3 жылда халықаралық қауымдастықта болған қайшылықтар өз шешімін тауып, енді біз ортақ жолға түскендейміз, - дейді Ұлыбританияның бас министрі.

Таяу шығыс мәселесіне орай, Блэрдың айтуынша, енді Израиль мен Палестина арасында бейбітшілікке жету мүмкіндігі туып отыр. Президент Буш сондай-ақ, сейсенбіде НАТО ұйымының бас штабына барып, 26 мүшесі бар одақтың саммиті кезінде, Украина президенті В.Ющенкомен қысқа сұхбаттасқан. Сондай-ақ, сейсенбіге АҚШ президентінің ЕуроОдақ елбасшыларымен кездесуі де жоспарланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG