Accessibility links

НАТО саммиті соңына жетті


НАТО бас хатшысы Яап де Хууп Схеффер одақтың барлық 26 мүшесі Ирақ әскерінің дайындығына атсалысып жатыр деп мәлімдеді. Яап де Хууп Схеффер, сонымен қоса, НАТО одағына ғаламдық қауіпсіздік мәселелерінде кеңірек саяси орын берілсін деп айтты кеше. Алайда, Ирақ соғысына қарсы болған Франция және Германия сияқты елдер Ираққа әскери кеңесшілерді жібермейміз деді. Олар Ирақ сыртындағы әскери дайындықтарға қатысуымызды, дайындық қызметін қаржыландыруды шектейміз деді. НАТО саммитіне қатысқан АҚШ президенті Джордж Буш бұл ұйым әлемдегі ең табысты ұйым боп табылады деді:

- НАТО-ның арқасында Еуропа біртұтас боп тұр, одақтаса алды және бейбітшілікті сақтап тұр. Бұл азаттық тарихындағы айтулы меже.

Буш, сонымен қоса, Қытайға қару сату жөнінде осыдан 15 жыл бұрын еңгізілген шектеуді Еуропа Одағының жойғысы келетініне алаңдаушылық танытты. Саммитке Украина президенті Виктор Ющенко қатысып, біз Еуропа Одағы мен НАТО-ға қосылғымыз келеді деді.
XS
SM
MD
LG