Accessibility links

Шредер Иран ядролық қызметі жөніндегі алаңдаушылықтар шешіледі деді


Германия канцлері Герхард Шредер Иран ядролық қызметі жөніндегі алаңдаушылықтар бейбіт жолмен шешіледі деп айтты. Шредер бүгін Германияның Майнц қаласында АҚШ президенті Джордж Бушпен келіссөз өткізеді. Германия теледидарына берген сұхбатында Шредер Иран ядролық мәселесінде АҚШ пен Еуропа Одағы келісім тапқысы келетінін анық көрсетті дейді. АҚШ президенті Джордж Буш Еуропа Одағының басшыларымен кездескен соң АҚШ Иранға шабуыл жасауға дайындалып жатыр деген сөз шындыққа жатпайды, ол күлкі туғызатын сөз деді.
XS
SM
MD
LG