Accessibility links

Бүгін АҚШ президенті Дж. Буштың Европа сапары Германияда жалғасты


2003 жылы АҚШ Ираққа соғыс бастағаннан кейін Бушпен араларында терең келіспеушілік орын алған Германия канцлері Герхард Шредер бүгін таңертеңгісін АҚШ президентін Франкфурт әуежайының алаңында күтіп алды. Екі басшы Иранның ядролық бағдарламасын, сондай-ақ НАТО мен Европа одағының Ирақ пен Ауғанстанда жұмсап жатқан күш-жігері турасында талқылаулар өткізуі тиіс.

Шредер Буштың сапары алдында теледидардан сөйлеген сөзінде Европа одағы мен американдықтар бірге Иранның ядролық бағдарламасын дамыту жөніндегі алаңдаушылықты келіссөздер жолымен шешкісі келеді дегенді анық білдірді деген. Иран болса атом қаруын жасап жатқан жоқпыз деп мәлімдейді. Өзінің 9 сағатқа созылатын сапарында Буш Германиядағы Америка күштерімен де кездеседі.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG