Accessibility links

АҚШ президенті Дж. Буштың Германия канцлері Герхард Шредермен келіссөздері аяқталды


Әңгімелесулер соңында ол Берлинді Ирақтағы қайта құруларға қосып жатқан үлесі үшін мадақтады. АҚШ президенті Маинда өткен баспасөз маслихатында өзінің Германияда болуы Европа сапарының маңызды бірі деп атап өтті. АҚШ президенті сейсенбіде Брюсселде болған еді, ал бейсенбі күні Словакия астанасы Братиславада Ресей президенті Вл. Путинмен кездеседі.

Германия 2003 жылы АҚШ-тың Ираққа соғыс бастауына қарсы болғаны белгілі, бірақ соңынан қарыз көмегін беруге және жаңа Ирақ күштерін оқытып-үйретуге көмектесуге келісім берген болатын. Буш Шредермен қатар тұрып, бұған дейінгі келіспеушілкітерді артқа тастап, ұмыту қажеттігін атап өтті. АҚШ президенті, сондай-ақ, Иранның ядролық талпыныстарын ауыздықтау жөніндегі дипломатиялық күш-жігер жаңа басталды деді.
XS
SM
MD
LG