Accessibility links

Қырғызстанда жұрт аудандық әкімшілікті басып алды


Қырғызстанда парламент сайлауы қарсаңында билік пен оппозицияның текетіресі күшейіп, оппозицияны қолдаған жұрт кеше Ыстық-Көл облысы Тоң аудандық әкімшілігін басып алды. Мыңдаған халық жексенбі күні өтетін сайлауға оппозициялық үміткер Арслан Малиевтің қатыстырылуын талап етеді. Үкімет жағындағы үміткердің ағасы әрі аудан әкімі Нұрбек Әлиев қызметінен кетсін делінеді. Сайлауға қатыстырылмай қойған оппозициялық үміткерлерді қолдаған ереуілдер кеше Қырғызстанның бірнеше аймағында жалғасты. Қочқор ауылында наразылық білдірушілер Бішкек-Торугарт жолын жауып отыр, олар сайлауға заңсыз араласқан Нарын облысының әкімі қызметтен кетсін дейді. Жалалабадта жүздеген сайлаушы қала орталығында шеру өткізді. Олар сайлау әділ өтсін, президент Асқар Ақаев және Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Сүлеймен Иманбаев қызметтерінен кетсін, тәуелсіз газеттер қудаланбасын деп талап қойды.
XS
SM
MD
LG