Accessibility links

Бүгін Братиславада АҚШ президенті Джордж Буш Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі


Буш Путинмен арадағы жақсы жеке қатынасымды алға салып, Ресей демократиялық міндеттемелерін және заң мәртебесі құндылығын есіне саламын деді. Путин саммит қарсаңында Словакия баспасөзіне сұхбат беріп, демократия Ресейде осы елдің ерекшеліктеріне сай болу керек деді. Буш пен Путин жойқын қаруды таратпау, терроризмге қарсы күрес сияқты кең көлемдегі әріптестік мәселелерін талқыламақ. Буш әкімшілігі Ресейдің Иранмен ядролық әріптестігіне алаңдаулы. Сондай-ақ Братислава кездесуінде Украина, Грузия сияқты бұрынғы совет елдеріндегі жағдай да талқыланбақ.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG