Accessibility links

Дж.Буш: “Словакия – АҚШ-тың жақын досы, сенімді одақтасы әрі бауыры...”


БРАТИСЛАВА. Бүгін АҚШ президенті Дж.Буш Братиславаның орталық алаңына жиналған Словакия халқына ыстық сәлемдемесін жолдады. Оның атап көрсетуінше, Словакия – АҚШ-тың жақын досы әрі сенімді одақтасы ретінде Ауғанстан мен Ирақтың бостандығы үшін басын қатерге тікті. Сондықтан да Вашингтон Словакия қарулы күштерін жетілдіруге көмек беріп, словактардың АҚШ-қа баруын жеңілдету мүмкіндігін қарастырады. Оның алдында таңертең Дж.Буш Словакия президенті Иван Гаспаровичпен және словак премьері Микулас Дзериндамен кездесті. Бүгін түс қайта АҚШ президенті өзінің ресейлік әріптесі В.Путинмен келіссөзге отырады. Оның қарсаңында АҚШ президенті ресейлік әріптесімен келіссөзінде Мәскеудің бұрынғыша заңдылықтарды жоғары қойып, демократия принциптерін ұстануға дайындығы мәселесін көтеретінін мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG