Accessibility links

Ауған президенті Х.Қарзай Делиге Пәкістан арқылы өтетін “сауда дәлізін” ұсынды


ДЕЛИ. Бүгін ауған президенті Хамид Қарзайдың Делиге сапары барысында Үндістан мен Ауғанстан азаматтық авиация, бұқаралық ақпарат құралдары және ақпарат алмасу саласындағы екі жақты келісімдерге қол қойды. Авиация саласындағы келісімге сәйкес, Үндістан ауған мамандарын әуежай мен әуе қатынасын басқаруға, жолаушы ұшақтарына қызмет көрсету мен әуе навигациясына оқытатын болады. Екінші келісім екі елдің журналистерін тығыз ынтымақтасуға шақырады. Делиге 3 күндік сапарында Х.Қарзай Үндістанның Ауғанстанға арналған экспорты үшін Пәкістан арқылы “сауда дәлізін” ұсынды.
XS
SM
MD
LG