Accessibility links

Ирақта тағы 10 адам автобомба жарылысының құрбаны болды


ТИКРИТ. Бүгін Ирақтың солтүстігіндегі Тикрит қаласында автобомбаны қолданып ұйымдастырылған шабуылдан кем дегенде 10 адам қаза болып, 20-дан аса кісі жараланды. Полиция офицерінің хабарлауынша, полицейше киінген жанпидашыл-экстремист жеңіл мәшинесімен полиция кеңсесіне қарай өтпек болып, болмаған соң жарылғышты іске қосқан. Қуатты жарылыстан 20-ға жуық өзге автокөлік өртенген. Бағдадтан 130 шақырымдай қашықтықта орналасқан Тикрит – бұрынғы диктатор Саддам Хусеиннің туып өскен қаласы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG