Accessibility links

АҚШ пен Ресей президенттері терроризм мен ядролық қарудың кең таралмауына қатысты бірлескен келісімге келе ала ма?


БРАТИСЛАВА. Бүгін АҚШ пен Ресей президенттері Дж.Буш пен В.Путин өзара келіссөзін бастады. Екі лидер Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын және, Батыстың пікірінше, В.Путиннің демократия жолынан шығуы мәселесін талдайды деп күтілуде. АҚШ пен Ресей президенттері терроризмге қарсы тұру мен ядролық қарудың кең таралмауына кепіл болу туралы қауіпсіздіктің бірлескен келісіміне келгендерін жариялайды деп жоспарланып отыр. Келіссөздің ізінше Дж.Буш пен В.Путин баспасөз-маслихатын ұйымдастыруға тиіс. Оның алдында Дж.Буш Словакия халқына өзінің ыстық лебізін жолдап, Американың досы әрі сенімді одақтасы ретінде Словакия Ауғанстан мен Ирақты азат ету үшін басын қатерге тікті, сондықтан да АҚШ Словакияның қарулы күштерін жетілдіруге көмек беріп, словактардың АҚШ-қа баруын жеңілдету мүмкіндігін қарастырады деп мәлімдеді. Бүгін Братиславада АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс ханым мен Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров терроризмге қарсы бірлесіп күресу туралы келісімге келді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG