Accessibility links

Қырғыз оппозициясы президентті парламент пен президент сайлауы алдында сөз бостандығын тұншықтырды деп айыптайды


БІШКЕК. Қырғызстан астанасында тәуелсіз “Моя столица - Новости” газеті редакциясының алдында қолдарына плакаттар мен ар-ұятқа тиетін сөздер жазылған транспоранттар ұстаған 20 шақты адам жиналып, газеттің жабылуын талап етті. Полиция олардың бесеуін тәртіп бұзды деп ұстады. Бұл шара өзіне қарсы президент А.Ақаевтың шағымы бойынша қозғалған сот үрдісін қосқанда, 3 сот процесінің алдында тұрған “Моя столица - Новости” басылымына қарсы ұйымдастырылған соңғы әрекет болды. А.Ақаевтың қарсыластарының пікірінше, сот процестері – жексенбіде өтетін парламент сайлауы мен 30 қазанда болатын президент сайлауының алдында сөз бостандығын тұншықтыру болып табылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG