Accessibility links

Рим папасына трахеотомия операциясы жасалды


Рим католик шіркеуінің басшысы, папа Иоанн Павелге кеше кешкісін трахеотомия операциясы жасалды. Тыныс алу ақауын басуға арналған операция сәтті өтті, жарты сағат уақыт алды деп хабарлады Ватикан өкілі Джакуин Наварро. 84 жастағы Рим папасы қазір Римде Джеметели ауруханасында жатыр. Ол мұнда кеше тәңертең түскен болатын. Италия бас министрінің аға көмекшісі Джианни Лета операциядан соң Иоанн Павелдің көңілін сұрап, ауруханаға кіріп шықтым деді:

- Ол кісінің көңіл-күйі жақсы, тұнық екен. Дәрігерлер мен папаның хатшысымен сөйлестім, олар папа жақсы күйде деп айтты.

Рим папасы тұмаудың салдарынан биылғы ақпан айында ауруханаға екінші рет түсіп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG