Accessibility links

АҚШ сотында ісі қаралып жатқан Қазақстан азаматын ақылдастар алқасы айыпты деп тапты


АҚШ сотында ісі қаралып жатқан 30 жастағы Қазақстан азаматы Әсел Әбдіғаппароваға 2001 жылы кісі өлтіруге қатысқан деген айып тағылып отыр. Американдық соттың ақылдастар алқасы өзінің бейсенбі күнгі отырысында тергеу нәтижелері бойынша бір жарым сағат кеңескеннен кейін, Әсел Әбдіғаппарованы айыпты деп тапқан. Әсел АҚШ-та оқып жүрген кезінде, өзінің жігіті Рамон Хернандес және оның досы Сантос Минжарестің Сан-Антониялық 37-дегі жалғыз басты ана Роза Мария Росадоны қинап, зорлап, буындырып өлтірген кезде куә болған. Әсел өзін ол қылмысқа қатыспағанмын дегенімен, тергеуші прокурорлар Әсел Әбдірахманова ол қылмыста сыбайлас болған деген шешімге келген. Егер бүгін, жұмада, сот Әселді айыпты деп жарияласа, онда Техас штатының заңымен Әсел не өлім жазасына, не болмаса өмір бойы абақтыда отыруға кесілуі мүмкін.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG