Accessibility links

Қырғызстанда «Азаттық» радиосының қырғыз тіліндегі бағдарламасын тыңдау мүмкіндігі азая түсті


Бішкек. Қырғызстан көлік және байланыс министрлігінің радио жиіліктерді тарату бойынша бірлестігі, 24-ақпаннан бастап, «Азаттық» радиосының ультра-қысқа және орта толқындағы хабарларын әуеге таратуды тоқтатқан. Сонымен, енді Қырғызстанның алыс ауыл аймақтарындағы жұртшылық үшін «Азаттық» радиосының қырғыз тіліндегі бағдарламасын тыңдау мүмкіндігі азая түскен. Ал «Азаттық» радиосының қызметі жөнінде АҚШ-тың Қырғызстандағы елшісі Стефан Ян тілшімізге бейсенбі күні былай деді:

- «Азаттық» радиосының Қырғыз халқы үшін жасап келе жатқан қызметіне орай мен бұл ақпарат құралын жоғары бағалаймын.

Қырғызстан сыртқы істер министрі Асқар Айтматов бүгін Астанада өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер өкілдерінің жиыны кезінде парламент сайлауы алдындағы елдегі ахуал тұрақты, бұл сайлау әділ және демократиялық еркін жағдайда өтеді деген. Соңғы күндері Қырғызстандағы бірнеше ауданда сайлау комиссиясының шешіміне қарсы қауымның наразылық шерулері өтті.
XS
SM
MD
LG