Accessibility links

Ауруханада жатқан Рим папасының халі қалыпты


Ватикан. Иоанн ІІ Павел тыныс алу ағзасына жасалған шұғыл операциядан кейін бүгін Римдегі ауруханада тынығуда. Италия бас министрі С.Берлусконидің көмекшісі Леттаның айтуынша, Рим папасы бейсенбі күнгі кеңірдек емінен кейін өз қалпына келіп, тыныш халде жатқан көрінеді.

- Дәрігерлер мен Папаның хатшысынан сұрап білгенім, Иоанн Павелдің халы ойдағыдай, - дейді бас министрдің көмекшісі.

Қазірде жасы 84-ке келген Ватикан басшысының тыныс жолындағы жағдаймен ауруханаға соңғы айда осымен екінші рет жедел жеткізіліп отыр.
XS
SM
MD
LG