Accessibility links

Конгода БҰҰ сарбаздары қаза тапты


БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Конго елінде халықаралық бітімгершілік жасақтың тоғыз сарбазын өлтіргендерге сөгіс айтты. Шабуыл Итури провинциясының орталығы Буния қаласының маңында орын алды. БҰҰ өкілі Мамаду Бах Конго уақытша үкіметі шабуылшыларды табу керек деп мәлімдеді. Қаза болғандар – БҰҰ бітімгершілік жасағындағы Бангладеш сарбаздары. БҰҰ Итури провинциясында шамамен 4800 сарбаз ұстап отыр, олар Бангладеш, Марокко, Непал және Пәкістаннан жасақталғандар. Итури провинциясындағы қақтығыстарда 1999 жылдан бері шамамен 50 мың бейбіт тұрғын қаза тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG