Accessibility links

Мысыр президенті Мубәрак Ата заңға өзгерту кіргізу жөнінде ұсыныс жасаған


Мысыр президенті Хосни Мубәрак бүгін, осы елде президенттік сайлауда бірнеше балама үміткер тіркелуі жөнінде Ата заңға өзгерту кіргізу жөнінде ұсыныс жасағанын айтты. Мубәрактың теледидардан мәлімдегеніндей, Ата заңдағы ол өзгерту саяси партиялардың президенттік сайлауда үміткер ретінде қатысуына мүкіндік береді. Президенттің айтуынша алдағы қыркүйек айындағы сайлауға дейін бұл ұсынысты халық референдум арқылы талқылап, оған дауыс бермек. Осы кезге дейін Мысыр халқы президенттік сайлауда бір-ақ үміткер үшін, қолдаймын немесе қолдамаймын деп дауыс беретін.
XS
SM
MD
LG