Accessibility links

Палестина президенті Махмуд Аббас Тель-Авивтегі бомбы шабуылын айыптады


Палестина президенті Махмуд Аббас Тель-Авивте болған жанкештілік бомбы шабуылын айыптап, оны Израильмен арадағы бейбітшілік шараларына кесір деп атады.

- Біз бұл акттерді біздің саясат пен стратегиямызға қарсы әрекет деп айыптаймыз. Біз палестиндықтар Израиль азаматтарына қарсы жасалатын ондай кез-келген қарулы шабуылды қаралап, ондай қылмысқа рұқсат етпеуге келістік, - деген Палестина бас министрі Ахмед Курей.

Жұма күні кешке Тель-Авивтегі дискотека кезінде бомбы жарылып, қаза болған жанкештінің екі аға-інісі тұтқындалған болатын. Жасалған шабуылды әзірше ешкім өз мойнына алмай отыр.
XS
SM
MD
LG