Accessibility links

Ресей және Иран Бушер келісіміне қол қоя алмады


Ресей және Иран Бушер провинциясында салынып жатқан Иранның алғашқы ядролық электр станциясын отынмен қамту келісіміне кеше қол қоя алмады. Станцияның қызмет бастау мерзімінде екі тарап арасында алшақтық пайда болды, келісімге қол қою кейінге қалдырылды. Иран өкілі Мохаммад Саайди Ресей Бушер станциясы 2006 жылдың маусым айында емес, үш ай кейінірек ашылғанын қалайды, біз бұған келісе алмаймыз деді. Иран мен Ресей ядролық отынмен қамту және оның қалдықтарын Ресейге қайтару шарттарына келісе алмай отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG