Accessibility links

Украина үкіметі Кучмаға берілген зейнеткерлік жеңілдіктерді алып тастады


Украина үкіметі бұрынғы президент Леонид Кучмаға берілген аса кең көлемдегі зейнеткерлік жеңілдіктерді кеше алып тастады. Бас министр қызметін орындаушы Мыкола Азаров 19 қаңтарда Кучмаға ерекше әлеуметтік жағдай жасауды бұйырған болатын. Атап айтқанда, Кучмаға ай сайын мың жарым доллар көлемінде зейнетақы тағайындалып, үкімет иелігіндегі үйі қалдырылған және оған екі көмекші, кеңесші, оққағарлар, екі автокөлік жүргізетін төрт шофер қызмет етуге берілген еді. Алайда енді жаңа үкімет бұрынғы президентке жасалған ерекше әлеуметтік жағдайды жөнсіз деп тауып отыр. Бас министр Юлия Тимошенко бұрынғы ресми тұлғаларға қарапайымдау жеңілдіктерді беру тәртібі ойластырылсын деп бұйырды.
XS
SM
MD
LG