Accessibility links

Қырғызстан халқы парламент сайлауына дауыс беріп жатыр


Бұл елдің заң шығарушы органындағы 75 орынға 400-дей үміткер таласуда. Бұған дейін оппозициялық үміткерлердің сайлау бәсекесінен алынып тасталғанына наразылық танытқан шерушілердің жолды бөгеп тастауы себепті, Ыстық көл аймағының Тоң бөлімінде сайлаулар екі аптаға шегендірілген еді. Бұл парламент сайлауы қазанда болатын елбасы сайлауына да алғышарттар қалыптастырып жатыр. Ата заң бойынша Асқар Ақаев үшінші мерзімге президент сайлауына түсе алмайды. Бұл заңды бұзбайтындығын елбасы да айтып отыр. Оппозиция өкілі Роза Отынбаева билік тарапынан қысым жасалған жағдайда сайлаушылар жағынан қарсылықтар туындайды деген болжам айтқан болатын.

АҚШ-тың Қырғызстандағы елшісі Стефен Янг егер бұл жолғы сайлаулар Құрама Штаттардың демократиялық қалыптарына сәйкес келмесе, онда екі жақты байланыстарға кірбең түсіреді деген еді. Қырғыз өкіметі болса, елдің ішкі ісіне қол сұғу күтпеген нәтижелерге әкелуі мүмкін екендігі жөнінде Вашингтонды ескертті.
XS
SM
MD
LG