Accessibility links

Тәжікстанда парламент сайлауы өтіп жатыр


Бұл парламент сайлауы елде азамат соғысы аяқталған 1990-шы жылдан кейінгі екінші сайлау болып отыр. Төменгі шатырдағы 63 орын үшін 230-дай үміткер бақ сынасып жатыр. Көптеген сарапшылардың айтуынша осы сайлауда елбасы Имомалы Рахмонов төрағалық ететін Тәжікстан Халық демократиялық партиясы жеңіске жетуі мүмкін. Сайлау барысын Рахмонов мырза қызу қуаттады.

- Менің ойымша, бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда бұл жолғы сайлауда айқындық басым. Біздің қоғамымыздағы сайлауды мен Құрама Штаттары және Батыстағы сайлаулармен салыстырмаймын. Біздегі кемшіліктерді де жоққа шығара алмаймын. Біз қазір заңға негізделген демократия мен бекзаттық қоғам орнатудың бастауында тұрмыз”, - деді тәжік елбасы.
XS
SM
MD
LG