Accessibility links

Қырғыз оппозициясы дауыс беру барысында заң талаптарының өрескел бұзылғанын мәлімдейді


БІШКЕК. Кеше кезекті парламент сайлауы Қырғызстанда да болып өтті. Ұлттық Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың 57 пайызы дауыс берген. Оппозициялық 5 партияны біріктірген “Саяси күштердің Форумы” дауыс беру барысында заң талаптарының өрескел бұзылғанын, атап айтқанда - әкімшілік ресурстарды пайдалану, бюллетеньдерді алмастыру және сайлаушылардың дауысын бұрмалау сынды жаппай заңсыздықтың болғанын мәлімдеді. Сайлаудың бастапқы қорытындысы бүгін шығарылады. Қырғыз президенті А.Ақаевтың атап көрсетуінше, ТМД мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның бақылаушыларымен кездескенінде, екі жақ та сайлаудың ұйымдастырылуы деңгейіне қанағат білдірген.
XS
SM
MD
LG