Accessibility links

С.Назери (Иран): “Иран уранды байыту бағдарламасынан ешқашан бас тартпайды”


ВЕНА. Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің бүгін Венада өтетін кеңесінің күн тәртібінде Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі тұр. Иранның МАГАТЭ-дегі ресми өкілі Сирус Назеридің мәлімдеуінше, Еуроодақ Иранның уранды байыту бағдарламасы бойынша Теһранмен арадағы келіссөзінде онымен уәжге келуге дайын болуға тиіс. Оның атап көрсетуінше, Иран уранды байыту бағдарламасынан ешқашан бас тартпайды. Еуропалық “Үлкен үштік” – Ұлыбритания, Германия және Франция - Ираннан әлгі бағдарламасын біржола жоюын талап етіп, оның орнына Теһранға тиімді экономикалық ынтымақтастықты ұсынып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG