Accessibility links

Тәжікстандағы парламент сайлауына сайлаушылардың 92 пайыздан астамы қатысты..?


ДУШАНБЕ. Тәжікстанда 90-ыншы жылдардың басындағы азамат соғысынан кейін екінші рет кеше өткізілген парламент сайлауының алғашқы нәтижесі бүгін мәлім болады. Орталық сайлау комиссиясының “Азаттық” радиосына бүгін таңертең хабарлағанындай, онда сайлаушылардың 92 пайыздан астамы дауыс берген. Межлис Намояндагон немесе парламенттің төменгі палатасындағы 63 орынға 230 үміткер түскен. Билік басындағы Халықтық-демократиялық партиясы жеңіске жетеді деп күтілуде. Парламентке оппозициялық Ислам қайта өрлеу партиясы мен коммунистер де өтетін сияқты. Оппозиция сайлау барысында заңсыздықтардың болғанын атаса, президент Э.Рахмонов дауыс беру барысына жақсы баға беріп, тәжік қоғамындағы сайлауды Батыс елдеріндегі сайлаумен салыстыруға болмайды, бірақ, бұл сайлау алдыңғысынан әлдеқайда ашық өтті деп мәлімдеді.

AzattyqTV

24 наурыз

AzatNews

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG