Accessibility links

Қырғызстан оппозициясы дауыс беру барысында өрескел де жаппай заң бұзу болғанын мәлімдейді


БІШКЕК. Қырғызстанда жексенбіде болып өткен парламент сайлауының алғашқы қорытындысы бүгін шығарылады. Ұлттық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың 57 пайызы дауыс берген. Сайлау барысын бақылаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым мен ТМД-ның миссиялары өз тұжырымдарын бүгін жарияламақшы. Оппозициялық 5 партияны біріктірген “Саяси күштердің Форумы” дауыс беру барысында өрескел де жаппай заң бұзу болғанын мәлімдеді. Жексенбі күні қырғыз президенті А.Ақаев ТМД мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның бақылаушылары сайлаудың ұйымдастырылуы деңгейіне қанағат білдірді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG