Accessibility links

МАГАТЭ басшысы Иранды халықаралық тексерушілермен тығыз әріптестік орнатуға шақырды


Халықаралық Атом энергиялық агенттік басшысы Мұхамед әл-Барадей мырза Иранның ядролық бағдарламасын зерттеу жұмысы одан әрі жалғасуда деді. Ол Иран елін алдағы уақытта мұндай әріптестікті одан әрі тереңдете беруге шақырып отыр. Бүгін Венада аталған агенттікке мүше 35 елдің өкілдері Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі мәселені талқылауға жиналды. Мұхамед әл-Барадей мәлімдемесі осының қарсаңында жасалған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG