Accessibility links

Қырғызстанда өткен сайлауға байланысты шерулер орын алуда


Қырғыз астанасы Бішкекте және елдің оңтүстігінде сайлаушылар жексенбі күнгі сайлаулардың өту барысы мен оның қорытындыларына байланысты наразылық танытуда. Мысалы, Бішкекте 450-дей адам шеруге шыққан. Тағы бір хабарларға қарағанда, өкіметті қолдайтын азаматтар шерушілермен теке-тіреске барып, олардың қолындағы көтерген ұрандарын жыртып тастамақшы болған.

- Қазір елбасы Асқар Ақаев және оның қолдаушылары тәуелсіз газетті және Азаттық радиосын жапты, - деді қырғыз оппозициясының өкілі Топчубек Тұрғуналиев.

Жалал-Абад аймағының Нөкен ауданында бес мыңдай шеруші, ал Ош аймағының Араван ауданында 4 мыңдай адам шеруге шыққан. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бұл жолғы сайлаулар халықаралық қалыптарға сәйкес келмеді деп бағалады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG