Accessibility links

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы Тәжікстан парламентіне сайлаулардың өту барысына орай қынжылыс білдірді


Тәжікстанда жексенбі күні өткен парламент сайлауларының алғашқы қорытындысы бүгін белгілі болмақшы. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға хұқы бар азаматтардың 84,4 пайызы дауыс беруге қатысқанын хабарлап отыр. Бұл жолы төменгі шатырдағы 63 орын үшін үміткерлер бақ сынасты. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Халық демократиялық партиясы алда келеді. Келесі орында Ислам Қайта өрлеу партиясы, ал үшінші орынға Коммунистік партия шыққан. Оппозициядағы бес партия бұл сайлауларды заңсыз деп жариялап, қайта сайлаулар өткізу жөнінде келісімге келісті. Бұл жолғы сайлау 2000-шы жылғы сайлаумен салыстырғанда жақсы өтті деп танылғанымен, оның барысында заң бұзу оқиғалары да орын алды деді Ислам Қайта өрлеу партиясының басшысы Абдулло Нури.
XS
SM
MD
LG