Accessibility links

Әлем қауымдастығын биотерроризмнің қауіп-қатері алаңдатып отыр


ЛИОН. Бүгін Францияның осы қаласында биотерроризм қатеріне арналған бірінші халықаралық конференция өтпекші. 120 елдің денсаулық сақтау министрліктері мен терроризмге қарсы күрес сарапшылары және құқық сақшылары, бас-аяғы 400-ден аса делегат қатысады. Екі күндік бұл конференцияға штаб-пәтері Лионда орналасқан Интерпол мұрындық болып отыр. Биотерроризм - әлемге қатер төндіре бастаған жаңа қауіп. Сарапшылар әлемнің басым бөлігі оған төтеп беруге дайын емес деп алаңдайды. Лионда 1995 жылы Токио метросындағы улы зарин газымен ұйымдастырылған шабуыл, 2001 жылдың қыркүйегінде “сібір топалаңымен” АҚШ-қа қарсы жасалған шабуылдар сынды бұрын болған қастандықтар талқыланбақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG