Accessibility links

Палестинадағы реформалар бойынша Лондондағы жиынға Израиль қатыспайды


ЛОНДОН. Бүгін Лондонда Палестинадағы реформалар мәселесі бойынша конференция өтеді. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джек Строның мәлімдеуінше, ағылшын премьері Тони Блэрдің шақыруымен жиналған бұл форумда Таяу Шығыстағы жанжалды басуға бағытталған “Жол картасы” жоспарын жүзеге асыру емес, Палестинаның саяси мекемелері мен қауіпсіздік күштерін реформалау мәселелері талданбақшы. Конференцияға палестин лидері Махмуд Аббас, БҰҰ Бас хатшысы К.Аннан, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс қатыспақшы. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, Израиль жағының келмеуі салдарынан бұл форумда көп мәселе шешіле қоймайды.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG