Accessibility links

Ирақта кем дегенде 115 адам террористік қастандықтың құрбаны болды


БАҒДАД. Дүйсенбі күні Ирақтың оңтүстігіндегі Әл-Хилла қаласында автобомбаның жарылысынан кем дегенде 115 адам құрбан болып, 130-ға жуық кісі жараланды. Жергілікті билік құрбандардың саны одан да өсе түсетінін жоққа шығармайды. Құрбан болғандардың көбі мемлекеттік қызметке орналасу үшін медициналық орталыққа келген жұмыссыздар мен көрші базарда жүргендер көрінеді. Жанпидашыл-лаңкес бомба орнатылған автокөлігін қалың халықтың қақ ортасында жарған. Ақ үйдің ресми өкілі бейбіт халыққа қарсы бағытталған бұл қастандықты айыптады. Ирақ полициясы осы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен бірнеше адамды ұстағанын хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG